Қайырымдылық турнирі жалғасын тапты (ФОТО)

86
Қайырымдылық турнирі жалғасын тапты (ФОТО)

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ кезекті рет шағын футболдан «MEIİRİMDİ ELORDA» қалалық турнирін өткізді. ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында және Отбасы күніне орай, бұқаралық спорттың насихатталуына және қайырымдылыққа бағытталған аяқдоп бәсекесіне 8 команда қатысты.



«Осымен төртінші рет өтіп отырған қайырымдылық турнирімізге қатысқан командаларға, игі шараның өтуіне атсалысқан азаматтарға және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасына алғысымызды білдіреміз. Жарнадан түскен қаражат мүгедек бала тәрбиелеп отырған қос бірдей жалғызбасты анаға теңдей бөліп берілді» — дейді турнирдің ұйымдастырушысы, «Руханият» орталығының жас маманы Қолғанат Мақатұлы.



Ал «Ынтымақ» спорт кешенінде өткен турнирдің қорытындысы төмендегідей:

І орын — «Арқалық»

ІІ орын — «Өнеркәсіп»

ІІІ орын — «Қабанбай» және ерекше ойын өрнегін көрсеткен «Қарасу» командалары.



Үздік ойыншы – Нұрлан Асқар («Қарасу»)

Үздік шабуылшы – Алдияр Тойғанбек («Арқалық»)

Үздік қорғаушы – Азиз Омарұлы («Қабанбай»)

Үздік қақпашы – Абдужалел Якубов («Арқалық»).