Біз туралы

Астана қаласы әкімінің 2018 жылғы № 511 – 1414 7 тамыздағы қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, мемлекет және қоғам қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ағартушы-ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс – тура 5 қыркүйек күні ашылды. Биылғы жылдан бастап тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні» мерекесі болып бекітілді.

Мекемеге байланысты Мекеменің мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті орган «Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып табылады.

Мекеменің атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Қошқарбаев көшесі, № 50.

Мекеме қызметінің мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында лингвистикалық және басқа жобаларды іске асыру болып табылады. «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, «Туған жер» бағдарламасы аясында аймақ тарихын зерделеу, зерттеу ұйымдарын тарта отырып аймақтың киелі нысандары бойынша ғылыми-зерттеу, сондай-ақ аймақты геоақпараттық картографиялау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысты сұрақтар бойынша шығармашылық одақтармен, бірлестіктермен өзара әрекеттесу, Астана қаласының аумағында ономастика саласындағы жұмыстарды жүйеге келтіру және үйлестіру, дәстүрге, тарих пен мәдениетке елорда тұрғындарының құрметі мен қызығушылығын ояту, қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар өткізу, тілдерді дамыту және қолдану саласында шығармашылық, ғылыми және оқыту және басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын болады.

Мекеменің даму стратегиясы Қазақстан Республикасының төменде көрсетілген стратегиялық құжаттары мен бағдарламалары негізінде жасалды:

1. «Қазақстан – 2050» мемлекеттік даму Стратегиясы;

2. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары;

3. Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасы;

4. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы;

5. Елбасы, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы;

6. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру” Жолдауы.

Мекеме стратегиясын құру барасында шет елдердің, алдыңғы қатарлы отандық, ұлттық ұйымдар мен мекемелердің тәжірибесі, сонымен қатар стратегиялық жоспарлау мен басқарудың заманауи әдістері ескерілді.

Мекеменің идеологиялық концепциясының мәні – мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, мәртебесі мен рөлін арттыруға, қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйелеуге, сонымен қатар Астана қаласы тұрғындарының коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі орыс, ағылшын тілдерінің оқып-үйренуіне бағытталған.

Мекеменің даму үшін даярланған Стратегиясының идеологиялық тұжырымдамасы 2 бағыттан тұрады. Біріншісі – Тіл саясатын жүзеге асыру бағыты, екіншісі – «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағыты.