«Адамзаттың Абайы»

«Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер жобасының екінші жиыны елордадағы №51 мектеп-гимназиясында өтті. Дәрістің тақырыбы –«Адамзаттың Абайы».
Семей қаласы А.Құнанбайұлы атындағы «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінен арнайы шақыртумен келген ғылыми қызметкер Қуат Қиықбай Абайдың балалық шағына тоқталып, Абай өмірінің қай кезеңі, жазған қара сөздері мен қай өлеңі болмасын қазіргі қазақ қоғамына қажет және құндылығын қанша ғасыр өтсе де жоймайтындығын жеткізсе, белгілі абайтанушы ғалым Алмахан Мұхамедқалиқызы Абай өлеңдерінің тәрбиелік-мәндік қасиеттерін айтты.
Дәріске қатысқан оқушылар да Абай өлеңдерін оқып, қойылған сұрақтарға жауап беріп белсенділік танытып пайдалы мағлұматтар алып, жақсы әсерге бөленді.
Сонымен қатар, қоғам белсендісі Ернат Мэлсұлы да «Руханият» орталығы қолға алған «Елтаным» рухани-танымдық көшпелі дәрістер жобасының қазіргі қоғамға керектігін бүгінгі дәрістің осыған дәлел болып тұрғандығын айтып, пікірімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *