«Ана тілім – ардағым!» атты рухани-тағылымды кеші

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ қазақ тілінің заманауи талаптарға сай қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қолданыс аясын жандандыру, елдік қасиеттер мен отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбие нәрін ана тілі арқылы отандастарымыздың санасына сіңіру мақсатында 2019 жылы 11 шілде күні «Ана тілім – ардағым!» атты рухани-тағылымды кешін ұйымдастырды.
Кеш аясында мемлекеттік тілдің саяси-әлеуметтік өмір ағысындағы қазіргі бағыты мен келешектегі даму өрісі бағамдалып, отбасынан бастап құзырлы мемлекеттік мекемелерде қолданылуының түйткілді мәселелері екшеленді.⠀
Бүгінгі жаҺандану дәуіріндегі қазақи болмыс пен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы ана тілінің маңызы байыпталып, ел азаматтарының осынау келелі істердегі жауапкершілігі ой талқысына салынды.
Ұлттық ұйысу мен халықтар достығын нығайтудағы қазақ тілінің тұғыры туралы пікірлер ортаға салынды. Тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл үйлесімінің түйінді тақырыптары, тәлімдік мәселелері сараланды. Қазақ тілінің қазіргі заманауи технологиялық үрдістер жүйесіндегі тұғыры бажайланды.
Рухани іс-шара барысында ұлт қайраткерлері, зиялыларының қазақ тілінің жасампаздығына, өміршеңдігіне сіңірген тарихи қызметтері сахналанып, қаламгерлердің ана тілінің қасиеті мен киесі хақындағы сыршыл өлеңдері, тағылымы терең ой-толғамдары, қанатты сөздері оқылды.
Ана тілі, ұлттық рух, ұлттық қасиеттерден суарылған өлеңдерімен Ибрагим Ескендір, Мөлдір Әуелбекова, «Қорқыт» ансамблі сынды белгілі өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *