Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мекеменің тұрған жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы,
«Алматы» ауданы, Р.Қошқарбаев даңғылы, № 50.
Жұмыс күндері:дүйсенбі-жұма
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі
Жұмыс уақыты: 8.30 – 18.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.30
Тел. 8(7172) 24-90-24. эл.пошта: ryhaniat@gmail.com
Мекеме басшысы Әніға Бағдат

Мекеме қызметінің мәні дәстүрге, тарих пен мәдениетке елорда тұрғындарының құрметі мен қызығушылығын ояту, тілдерді дамыту және қолдану саласында шығармашылық, ғылыми және оқыту қызметтерін жүзеге асыру, Нұр-Сұлтан қаласының аумағында ономастика саласындағы жұмыстарды жүйеге келтіру және үйлестіру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу болып табылады.

 Мекеме қызметінің мақсаты «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында лингвистикалық және басқа жобаларды іске асыру болып табылады.

Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
қазақ тілін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру бойынша іс-шаралар өткізу;
үштілділік бағдарламасын енгізуді іске асыру;
оқыту орталықтарының оқытушылары мен ересек тұрғындарды оқыту үшін филологтар мен лингвист ғалымдарды тарта отырып, семинарлар мен дәрістер, курстар ұйымдастыру, латын графикасына кезең-кезеңмен көшу бойынша кеңес беру және әдістемелік көмек көрсету;
орфографиялық және орфоэпиялық ережелерді, кириллицадан латын графикасына қайта кодтаушы бағдарламаны енгізу: аталған ережелер мен қайта кодтаушының онлайн нұсқасын мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердің барлық ресми сайттарына орналастыру;
көрнекі ақпарат мәтіндерін орыс тілінен қазақ және басқа тілдерге аудару бойынша анықтамалық ақпарат ұсыну;
ғылыми, оқу-әдістемелік, насихаттық әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;
тақырыптық баспа өнімдерін (кітаптар, жинақтар және басқа) құрастыру, басып шығару;
көрмелер, конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
Нұр-Сұлтан қаласының мемлекеттік қызметшілері, мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ елорда тұрғындары үшін тіл оқыту курстарын ұйымдастыру;
мемлекеттік және басқа тілдерді, латын графикасын оқыту үшін арнайы компьютерлік бағдарламалар әзірлеу және жүзеге асыру;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға қатысты мәселелер бойынша шығармашылық одақтармен, бірлестіктермен өзара әрекеттесу;
«Туған жер» бағдарламасы аясында өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру, аймақ тарихын зерделеу;
дәстүрлі мәдениет, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер фестивальдерін ұйымдастыру және өткізу;
Нұр-Сұлтан қаласының дамуына үлес қосқан танымал адамдар, ақсақалдар, қайраткерлердің тарихын еске түсіретін «Естеліктер кітабын» әзірлеу және басып шығару;
зерттеу ұйымдарын тарта отырып ономастика, топонимика, ескерткіштерді зерделеу бойынша жұмыстар жүргізу;
зерттеу ұйымдарын тарта отырып өңірдің киелі объектілері бойынша ғылымизерттеу, сондай-ақ өңірді геоақпараттық картографиялау, археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу;
өңірдің тарихи-мәдени мұраларындағы белгілі ескерткіштері жайлы ғылыми-насихаттық фильмдер жасау;
өңірдің тарихи-мәдени мұралары бойынша интернет-портал әзірлеу және құру;
Нұр-Сұлтан қаласының көшелері мен белгілі объектілері жайлы ақпараттар, суреттер мен бейнематериалдардан жалпыға қолжетімді мәліметтер базасын құру;
ономастика мәселесі бойынша ақпарат жинақтаудың және талдаудың кеңейтілген технологиясын әзірлеу;
Нұр-Сұлтан қаласының көшелеріне атау беруді ретке келтіруде негізгі ғылыми дәлелденген бағыттарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізу;
ономастиканың өзекті мәселелері жөнінде әдебиеттер әзірлеу және басып шығару, сонымен қатар конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізу;
Нұр-Сұлтан қаласының тарихы жөнінде алғаш анықталған және қолжетімді құжат көзі туралы мұрағат мәліметтерінің жинағын әзірлеу;
өңір тарихы жөніндегі мұрағат құжаттарын цифрлық форматқа көшіру;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дәріптеу бойынша ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу;
патриоттық бағытта іс-шаралар өткізу;
Нұр-Сұлтан қаласының аумағында әлеуметтік зерттеулер, сауалнамалар өткізу.