«Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы 29 мамыр күні «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы «Қазақтың ою-өрнектері: мәні, сипаты һәм қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты – халқымыздың көркем мұрасы ою-өрнек өнерін болашақ ұрпақтарымызға таныстырып қана қоймай, ғылыми тұрғыдан зерттеп, оның көне және озық үлгілерін саралап шығу, тарихын, қоғамдық, тәрбиелік мәнін ашу.
Жиын барысында маман, шеберлер сәндік-қолданбалы ою-өрнектердің түрлері мен қазіргі таңда дұрыс қолданылу мәселелері жайлы ойларын кәсіби тұрғыда баяндап және ою-өрнек түрлерінің шығу себебін, қандай мағына беретіндігін зерттеп жүрген этнограф ғалымдар пікірлерін ортаға салды.
Сондай-ақ, шара барысында жиналған көпшілікке ою-өрнектердің түрлерімен таныстырып, шеберлік сабағы өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *