«ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ» ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖОБАСЫ. Шерзод Пулатов

Қазақ тілін жетік білудің маңыздылығын, тіл меңгерудің тиімді тәсілдерін өзге этнос өкілімен сұхбат барысында жеткізу. Көпшілікті қоғамдық орындарда, қызмет барысында, отбасында қазақ тілінде сөйлеуге насихаттау мақсатында Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Тілге құрмет» әлеуметтік желі жобасы бастау алды. Жобаның міндеті:
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту;
Көпшіліктің тіл меңгеруге деген ынтасын арттыру;
Қазақ тілін білудің маңыздылығын түсіндіру;
Өзге ұлт өкілдерін қазақ тілі аясында біріктіру;
Тіл меңгеруге байланысты мәселелерді талқылау;
Түсіндірме сөздіктер беру;
Көпшілікпен тікелей байланыс орнату.

ҚХА Төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы өзбек этномәдени бірлестігінің Төрағасы Шерзод Пулатов.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *