Тіл достықтың тірегі

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тіректегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ-нің қазақ тілі курсының оқытушысы Естемесова Сәнім Барлықбаевна 2020 жылы 11 қыркүйек күні «Тіл – достықтың тірегі» атты онлайн-сайыс сабақ өткізді. Сабаққа курс тыңдаушылары мен оқытушылары белсеңе қатысты. Сабақ барысында Sokrative, Quizlet , Zoom бағдарламалары қолданылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *