«Тіл шебері-2019 »

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері-2019 » байқауының қалалық іріктеуі өтті.
Байқаудың мақсат-міндеттері:
Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жас мемлекеттік қызметшілерді анықтау және қолдау;
Тіл мәдениетін көтеріп, жастарды білім бәсекесіне шақыру.
Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде қатысушылар ана тілімізде таныстыру жасаса, екінші бөлімде ағылшын тілі бойынша біліктіліктерін ортаға салды. Қорытынды кезеңде әділ-қазылар қатысушылардың орыс тілін білу деңгейіне бағасын берді.
Үш кезеңнен тұратын байқауға 21-30 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер қатысып жатыр.
17 қатысушы бақ сынаған сайыста Нұр-Сұлтан қаласы, Мемлекеттік сатып алу және жекешелендіру департаментінің бас маманы Серік Гүлжан Серікқызы бас жүлдені иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды.
Қалған қатысушылар арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен мараппаталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *