Хакім Абайдың туған күні қашан?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы 2019 жылы 8 тамыз күні «Абайтану мәселесі: туған күні жөніндегі деректер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты – Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, хакім данамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның өлеңдерін зерделеу, шығармашылығын жаңғырту, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру.
– Аталған шараны республикалық деңгейде атап өту үшін алғышарттар жасау.
– Ұлы ақынның туған күніне байланысты туындаған даулы мәселелерге шығармашылық, ғылыми топтың өкілдерімен талдау жасап, түйінін шешу.
– Абай шығармашылығын топтастырып, зерттеу жұмысын жүйелендіру, шығармашылығының насихатталуына ықпал жасау.
Жиынға депутаттар, әкімдік қызметкерлері, абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер, алаштанушылар, тарихшылар шақырылды.
Жиын аясында абайтанушы, зерттеушілер, әдебиеттанушылар мен ғалымдар Абайдың туған күніне қатысты пікірлерін білдірді.
Шара соңында Е.Тілешов, О.Жәлел, А.Мұхаметқали, С.Жұмағұл және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар Абай Құнанбайұлының туған күні 23 тамыз деген ортақ тоқтамға келді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *