ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Марат Әбсемет

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, т.ғ.д., профессор Марат Әбсемет Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *