Қошмұхамбет Кемеңгерұлының 125 жылдығына арналған «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының қолдауымен 2021 жылдың 26 ақпанда күні Zoom платформасында жазушы-драматург, журналист, аудармашы, педагог, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Қошмұхамбет Кемеңгерұлының 125 жылдығына арналған «Бақытты келешектен үміт жібін кеспеймін» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Шараға алаштанушы ғалымдар, тарихшылар, ақындар,  қоғам қайраткерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Рухани жиынды Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры, ф.ғ.д. Сағымбай Жұмағұл тізгіндеді. Алдымен сөз алған алаштанушы бүгінгі жиынның мәні мен мақсатына түсіндіре келе, тарихи сананын жаңғыртудағы рөліне тоқталды. Құттықтау сөз              Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшысының орынбасары Сәкен Есіркепке берілді. Басқарма басшысының орынбасары тарихи тұлғаны дәріптеудегі мемлекеттік мекеменің жұмысына тоқтала келе, алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен таныстырды.

Дөңгелек үстелге қайраткердің немересі Ризабек Кемеңгер естеліктерімен бөлісті. Шараға республиканың түкпір-түкпірінен алаштанушы ғалымдар, филолог, тарихшылар, ғылыми-шығармашылық топ өкілдерімен қатар жастар да қатысты. Олардың қатарында Дихан Қамзабекұлы – ҚР ҰҒА академигі, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, Жамбыл Артықбаев – Археология және этнология кафедрасының профессоры, Гүлжаһан Орда – ҚР ҰҒА М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., Орынай Жұбаева – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры, ф.ғ.д., Жанат Егінбайқызы – Нұр-Сұлтан қаласы №49 мектеп-гимназиясының оқу ісі жөніндегі директор орынбасары, Еламан Қабділәшім – «Баянтау» газетінің бас редакторы, Абай Мырза – тарих магистрі, мұрағаттанушы,   Алматы қаласы №148 мектеп-гимназиясының мұғалімі, Қайырбек Кемеңгер – ф.ғ.к. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі сынды елге белгі зиялы қауым өкілдері болды

.

Жиналған қауым дәл осындай жұмыстарды елордамызда да жүйелі жолға қойылуы керектігін баса айтты. Қаламызда орналасқан №49 мектеп-гимназиясы біршама уақыттан бері қайраткердің есімін сұрап жүр. Мектеп қабырғасында Қошке Кемеңгерұлына арналған арнайы шағын мұражай бар. Осылайша алаш қайраткерінің есімін ұлықтап отырған білім ордасы мерейтой қарсаңында сүйінші хабарды күтіп жүргенін жеткізді. Шараға қатысушы мектеп оқушылары да Қошке Кемеңгерұлының ұрпаққа үлгі болар ұлағатты сөздерін оқып, көпшіліктің батасын алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *