Қызмет көрсету саласында ағылшын тілі курсы басталды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі

Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы

«Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қызмет көрсету саласында ағылшын тілі курсы басталды 

Елорданы одан әрі дамыту туралы 2019 жылы 8 қазанда өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елорда тұрғындары мен қонақтарына тілдік орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын.

Аталған тапсырмаға сәйкес 2019 жылы 3 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қала қонақтарына қолайлы тілдік орта қалыптастыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасасып, оның аясында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланған болатын. Соның бірі – ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап шетелдік инвесторлар мен іскери туристер үшін қажетті барлық мемлекеттік және қалалық қызмет көрсететін мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік құрылымдардың қызметкерлеріне ағылшын тілін оқыту.

Осы мақсатта Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» КММ-ның ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың наурыз айынан Нұр-Сұлтан қаласында ХҚКО-ның, денсаулық сақтау мекемелерінің, аудан әкімдіктеріндегі «Фронт-офистердің», «IQala» орталығының қызметкерлеріне (барлығы 118 тыңдаушы)  ағылшын тілі курстары басталды.

Курс аптасына үш реттен  оқытылады, шілде айынан дейін жалғасатын болады.  Курс  соңында қорытынды тест алынып,  сертификат беріледі.

Аталған курстарды жоғары білімді тіл мамандары (оқытушылар)  жүргізуде.