Ұлт руханиятының алыбы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ХХІІ қалалық тіл фестивалінің аясында «Ұлт руханиятының алыбы» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ тіл білімінің атасы, ұлттың рухани ұстазы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмірін, ағартушылық қызметін кеңінен насихаттау. Ақынның аудармаларын, мақалаларын талдап, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге беру.
Дөңгелек үстелдің басын Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшының орынбасары Сәкен Есіркеп пен «Руханият» КММ басшысы Әніға Бағдат құттықтау сөздерімен ашып берді. Шараның тізгінін ары қарай ф.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедерасының доцентіҚайырбек Кемеңгер ұстады. Жахандық пандемия кезінде онлайн форматта өткен жиынға ф.ғ.к., алаштанушы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директорыЕрбол Тілешов, ф.ғ.к., алаштанушы, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет, – ф.ғ.д., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорыАлмасбек Әбсадық, – ф.ғ.д., алаштанушы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедерасының профессорыСағымбай Жұмағұл, , А. Байтұрсынұлы Білім Академиясының өкілі Темірлан Сейітқасымұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміГүлшат Капшаева қатысты. Шара соңында оқушылар Ахмет бабымыздың жалынды жырларын оқып, Алматы қаласында орналасқан ақын мұражайының қызметкерлері онлайн экскурсия ұйымдастырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *