«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН…»

«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН…» рухани сапары

 ғылыми-танымдық экспедициясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 16-20 тамыз күндері аралығында экспедиция              Нұр-Сұлтан – Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытында жүріп өтті.
Экспедиция мақсаты – Ұлы философ, қазақтың бас ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуын паш ету. Хакім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен ашу, Абайдың рухани мұраларын елдің санасына сіңіру. Ұлы Абай өмірсүрген, жүріп өткен қасиетті өңірлердің тарихын, рухани мәдениетін көпшілікке насихаттау. «Қасиетті Қазақстан» жобасына Абай жүрген жерлердің тізімін енгізу, киелі жерлер туралы танымдық материалдар жазу.
Экспедиция Қарқаралы өңіріндегі «Құнанбай қажы» мешітіне, Абай тоқтап қонақ болған Х.Бекметовтың тарихи-мәдени үйіне, аудандық кітапхана жайғасқан Потанин үйіне барып ғылыми-танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Абыралы-Қайнар-Қарауыл жерлеріндегі тарихи орындарды аралап, Жидебайда орналасқан Абай  музейіндегі мол мұрағатпен танысып, Абай, Шәкәрім кесенелеріне тағызым етті. Рухани сапар Ақшоқыдағы Құнанбайқажы зиратын, Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайы мен Семей қаласындағы тарихи орындарды қамтыды. Экспедиция құрамында, Сұлтанхан Жүсіп, Марат Әбсемет, Алмахан Мұхаметқалиқызы, Сағымбай Жұмағұл бастаған елімізге белгілі, абайтанушы, алаштанушы ел зиялылары, БАҚ өкілдері және блогерлер болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *