МENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY

МENİŃ TİLİM – ULY DALA RÝHY ХХІ қалалық тіл фестивалі аясында «Руханият» орталығы ұйымдастырған кезекті «EL-TANYM» рухани-танымдық көшпелі дәрісі елордадағы Гуманитарлық колледжінде өтті.

Тарихшы Арман Ахмет студенттерге «Ұлы дала есімдері: ұлт көсемдері мен рухани батырлар» тақырыбында дәріс оқып, тарихи деректерге ерекше тоқталды.

«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН…»

«ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ІЗІМЕН…» рухани сапары

 ғылыми-танымдық экспедициясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Ұлы Абайдың ізімен: рухани сапар» ғылыми-танымдық экспедициясын ұйымдастырды.
Ағымдағы жылдың 16-20 тамыз күндері аралығында экспедиция              Нұр-Сұлтан – Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытында жүріп өтті.
Экспедиция мақсаты – Ұлы философ, қазақтың бас ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуын паш ету. Хакім Абайға тағзым ете отырып, оның рухани әлемін кеңінен ашу, Абайдың рухани мұраларын елдің санасына сіңіру. Ұлы Абай өмірсүрген, жүріп өткен қасиетті өңірлердің тарихын, рухани мәдениетін көпшілікке насихаттау. «Қасиетті Қазақстан» жобасына Абай жүрген жерлердің тізімін енгізу, киелі жерлер туралы танымдық материалдар жазу.
Экспедиция Қарқаралы өңіріндегі «Құнанбай қажы» мешітіне, Абай тоқтап қонақ болған Х.Бекметовтың тарихи-мәдени үйіне, аудандық кітапхана жайғасқан Потанин үйіне барып ғылыми-танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Абыралы-Қайнар-Қарауыл жерлеріндегі тарихи орындарды аралап, Жидебайда орналасқан Абай  музейіндегі мол мұрағатпен танысып, Абай, Шәкәрім кесенелеріне тағызым етті. Рухани сапар Ақшоқыдағы Құнанбайқажы зиратын, Бөрілідегі Мұхтар Әуезов мұражайы мен Семей қаласындағы тарихи орындарды қамтыды. Экспедиция құрамында, Сұлтанхан Жүсіп, Марат Әбсемет, Алмахан Мұхаметқалиқызы, Сағымбай Жұмағұл бастаған елімізге белгілі, абайтанушы, алаштанушы ел зиялылары, БАҚ өкілдері және блогерлер болды.

«RYHtime» тұлға-танымдық жобасы

«Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «RYHtime» тұлға-танымдық жобасының кезекті кездесуіқыркүйек айының 16-сы күні Қазақ технология және бизнес университетінде, Құрманғазы байқауының лауреаты, Шабыт фестивальінің лауреаты, мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Айбек Бекбосынмен сыр-сұхбат өтті.
Кездесу барысында ұлттық өнердің өзектілігі мен құндылығы, бүгінгі жаҺандану дәуіріндегі қазақы болмыс, қазақ мәдениетінің даму өрісі жайында пікірлер ортаға салынды. 90-нан астам студенттер қатысып, шеберлік сабағын алды.

23 тамыз – Абай Құнанбайұлының туған күнi

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың арнайы тапсырмасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын кең көлемде атап өтуге бастама ретінде 2019 жылы 23 тамыз «Абай әлемі» рухани-тағылымды іс-шарасын өткізді.
Елордадағы «Абай» ескерткішінің алдына жиналған көпшілік қазақтың біртуар ойшыл ақынын еске алып, рухына тағзым етті. Абайтанушы ғалымдардан бастап, елімізге белгілі ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері, зиялылар мен әкімдік қызметкерлері, қала тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысқан жиын Абай Құнанбайұлының құрметіне қойылған ескерткіш алдына гүл қоюмен басталды.
Алғашқы болып Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкенов сөз сөйлеп, бүгінгі іс-шараға қатысқан – барлық азаматқа алғысын білдірді.
– Ұлы Абайдың қара сөздері күні бүгін де ұрпақтың жадында жаңғырып тұр. Биылдан бастап қазақтың бас ақынының 175 жылдық мерейтойына дайындық басталып кетті. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желілердегі Абай өлеңдерін жатқа оқу челлендж эстафетасын зор қуанышпен қабылдап, тұтас ел болып ұлы ақынның 175 жылдығын атап өту жөнінде бастама көтерді. Қазір бұл эстафета республика деңгейінде өтіп жатыр.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Біз Абайды ұлықтау арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты дарытамыз. Абай арқылы елімізді әлемге паш етеміз. Абайдың мұрасы – қастерлі қазынамыз» – деп айрықша атап өткен болатын.
Елордамызда 1997 жылы Абайдың атына үлкен даңғыл берілген еді. Қазір баршамыз жиналып тұрған бұл көше қаламыздағы ең ірі көшелердің бірі. Алдымыздағы Абай Құнанбайұлы ескерткіші 2010 жылы ашылған. Келер жылы Абайдың 175 жылдық мерейлі межесі қарсаңында ескерткішке 10 жыл болмақ. Ұлы Абай мұрасы елордамызда ұдайы түрде кеңінен насихатталып, қыруар істер атқарылуда.
Қала әкімдігінің бастамасымен «Адамзаттың Абайы» фестивалі бастау алып, оның аясында дәрістер, ғылыми-танымдық, рухани-тағылымды, әдеби-мәдени іс-шаралар өткізілуде. Нұр-Сұлтан – Қарқаралы – Абай – Жидебай – Семей бағытында «Ұлы Абайдың ізімен…» рухани сапары» ғылыми-танымдық экспедициясы ұйымдастырылды. Осының барлығы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының бастауы іспеттес. Ендігі жылы бұдан ауқымды көптеген ілкімді істерді атқарамыз, – деді Б.Мәкенұлы.
Аталмыш іс-шара «Рухани жаңғыру» мақаласының аясында, «Адамзаттың Абайы» фестивалінің негізінде өткенін еске сала кетейік.
Шараның негізігі мақсаты – ұлы ақынның шығармашылығымен танысу, талдау және насихаттау, сондай-ақ өскелең ұрпақ бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизмді қалыптастыру.
Тағылымды жиынға Мекемтас Мырзахмет, Сұлтан Оразалин, Төлен Әбдік, Несіпбек Айтұлы, Тоқтар Әубәкіров, Марат Әбсемет, Болат Ұзақ сынды және т.б ұлт зиялылары қатысты. Мерекелік бағдарламада Ерлан Рысқали, Азамат Жылтыркөзтер ән шырқап, Мейірбек Сұлтанхан жүректен шыққан арнауын паш етті. ҚР Прзидентіне челлендж жолдап, Абай өлеңдерін оқудан эстафета таратқан Ләйлім-Шырақ Ерланқызы
ақынның жырларын оқыды. Жас өренге Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен естелік сыйлық табыстады.
Жиын соңында келген көрермендерге ашық микрофон ұсынылып, қатысушылар өздерінің тілектерін білдірді. Олардың қатарында «Руханият» КММ-нің қазақ тілін оқыту курстарына қатысып жүрген өзге ұлт өкілдерінің де болғанын айта кеткен жөн.

Хакім Абайдың туған күні қашан?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы 2019 жылы 8 тамыз күні «Абайтану мәселесі: туған күні жөніндегі деректер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты – Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, хакім данамыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында ақынның өлеңдерін зерделеу, шығармашылығын жаңғырту, сол арқылы өскелең ұрпақ бойына елжандылық пен отансүйгіштікті сіңіру.
– Аталған шараны республикалық деңгейде атап өту үшін алғышарттар жасау.
– Ұлы ақынның туған күніне байланысты туындаған даулы мәселелерге шығармашылық, ғылыми топтың өкілдерімен талдау жасап, түйінін шешу.
– Абай шығармашылығын топтастырып, зерттеу жұмысын жүйелендіру, шығармашылығының насихатталуына ықпал жасау.
Жиынға депутаттар, әкімдік қызметкерлері, абайтанушы ғалымдар, зерттеушілер, алаштанушылар, тарихшылар шақырылды.
Жиын аясында абайтанушы, зерттеушілер, әдебиеттанушылар мен ғалымдар Абайдың туған күніне қатысты пікірлерін білдірді.
Шара соңында Е.Тілешов, О.Жәлел, А.Мұхаметқали, С.Жұмағұл және басқа да елімізге белгілі ғалымдар мен тарихшылар Абай Құнанбайұлының туған күні 23 тамыз деген ортақ тоқтамға келді.

«Ана тілім – ардағым!» атты рухани-тағылымды кеші

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ қазақ тілінің заманауи талаптарға сай қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қолданыс аясын жандандыру, елдік қасиеттер мен отбасылық құндылықтарды, ұлттық тәлім-тәрбие нәрін ана тілі арқылы отандастарымыздың санасына сіңіру мақсатында 2019 жылы 11 шілде күні «Ана тілім – ардағым!» атты рухани-тағылымды кешін ұйымдастырды.
Кеш аясында мемлекеттік тілдің саяси-әлеуметтік өмір ағысындағы қазіргі бағыты мен келешектегі даму өрісі бағамдалып, отбасынан бастап құзырлы мемлекеттік мекемелерде қолданылуының түйткілді мәселелері екшеленді.⠀
Бүгінгі жаҺандану дәуіріндегі қазақи болмыс пен ұлттық бірегейлікті сақтаудағы ана тілінің маңызы байыпталып, ел азаматтарының осынау келелі істердегі жауапкершілігі ой талқысына салынды.
Ұлттық ұйысу мен халықтар достығын нығайтудағы қазақ тілінің тұғыры туралы пікірлер ортаға салынды. Тіл мәдениеті, тіл тазалығы, тіл үйлесімінің түйінді тақырыптары, тәлімдік мәселелері сараланды. Қазақ тілінің қазіргі заманауи технологиялық үрдістер жүйесіндегі тұғыры бажайланды.
Рухани іс-шара барысында ұлт қайраткерлері, зиялыларының қазақ тілінің жасампаздығына, өміршеңдігіне сіңірген тарихи қызметтері сахналанып, қаламгерлердің ана тілінің қасиеті мен киесі хақындағы сыршыл өлеңдері, тағылымы терең ой-толғамдары, қанатты сөздері оқылды.
Ана тілі, ұлттық рух, ұлттық қасиеттерден суарылған өлеңдерімен Ибрагим Ескендір, Мөлдір Әуелбекова, «Қорқыт» ансамблі сынды белгілі өнерпаздар өз өнерлерін паш етті.

«Latynsha-like» семинанар-тимбилдингі

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2019 жылы      30 маусымда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын қарпіне көшу бойынша БАҚ құралдары өкілдері, зиялы қауым, қоғам белсенділері арасында семинар-тимбилдинг ұйымдастырды.
Шараның мақсаты: Президент тапсырмаларында көрсетілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру. Бағдарлама аясындағы латын қарпінің БАҚ-да насихатталуын арттыру. Қоғамға латын негізді әліпбидің таралуына ықпал ету. Шараға белгілі қоғам белсенділері, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, блогерлер, әкімдік қызметкерлері қатысты. Шараның басы арнайы дайындалған латын қарпі бойынша дайындалған семинар-тренингімен басталып, оны меңгеруге арналған интеллектуалды ойындар ойнатылды. Одан өзге, түрлі сайыстар мен спорттық шаралар ұйымдастырылды. Шара соңында белсенділік танытқан қатысушыларға алғыс хат беріліп, семинар-тренингке қатысқаны жөнінде сертификаттар табысталды.

«АБАЙДЫҢ ІНІЛЕРІ –ҚАЗАҚТЫҢ ІРІЛЕРІ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ

СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН, ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ, БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АБАЙДЫҢ ІНІЛЕРІ –ҚАЗАҚТЫҢ ІРІЛЕРІ» РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШІ.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай 28 маусым күні, сағат 18.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драматеатрында «Абайдың інілері –қазақтың ірілері» рухани-танымдық кешін ұйымдастырды.
Аталмыш шараның мақсаты қазақ әдебиетін жаңа көркемдік биікке шығарған қаламгерлердің түрлі жанрдағы туындылары мен сан салалы рухани мұраларының маңызын жаңа бір қырынан байыптау; ұлттық руханиятта өзіндік із қалдырған дарындардың шығармашылық тұлғасында тоғысқан ерекше қасиеттерін жаңа кезең биігінен зерделеу.
«Абайдың інілері, қазақтың ірілері» рухани-тағылымдық кешін дәстүрлі әнші Жақсыгелді Маямеров, Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнімен ашты. Жүргізушілер ресми түрде шараны ашық деп жариялағаннан соң, рухани кешті Гүлмира Сарина Абайдың «Өзгеге көңілім тоярсың» әнімен жалғастырды.
Шара барысында тоталитарлық жүйе құрбаны болған тұлғалардың тағылымды өмірінен деректі бейнежазбалар көрсетілді. Зобалаң жылдары сталиндік қуғын-сүргінге түскен арыстардың тұлғалық болмысы мен қайраткерлердің жұбайлары Гүлбахрам, Фатима, Гүлжамал сынды қайсар да өжет мінезді қазақ әйелдерінің қилы кезеңдердегі қайғы-қасіреті, мұң-зары сахналанды.Қаллеки театрының жас әртістері бұл қойылымдарымен жиналған қауымның көздеріне еріксіз жас үйірді.
Іс-шарада Сәкеннің шығармашылық тұлғасы, ән мұрасынан Серікбай Оспан, Ілиястың сөз өнеріндегі асқақ тұғырынан Тұрсын Сыдықов, Бейімбеттің көркемдік әлемінен Қайырбек Кемеңгер сынды филолог ғалымдар, өнертанушылар баяндама жасады.
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиннің заман шындығы, уақыт тынысына терең бойлауға мүмкіндік беретін реалистік туындыларын белгілі өнер майталмандары мен жас өрендер орындады.
Рухани кештен нәр алуға келген көпшіліктің қарасы көп болып, театр лық толды.Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысы
Еңсебай Ержан Серікболұлы сөз сөйлеп, рухани кешке келіп қатысқан қонақтарға, көрермендерге алғысын білдіріп, кешке атсалысқан кішкене балдырғандарға шағын сый-сияпаттар табыстады.
Шараның қорытындысы ретінде арыстардың ізін жалғаушы, әнші, актер, ақын, драматург Қанат Жүнісов «Үш арыс» әнін орындады.

«Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, 2019 жылы 20 маусымда «Кинотеатрдағы қазақ киносының сұранысы» тақырыбындағы кезекті «Руханият алаңы» ғылыми-танымдық пікірталас клубының отырысын өткізді.
Іс-шараға ҚР Еңбек сіңірген қайреткері кинорежиссер – Тәуекел Тілеуғабылұлы, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің аға оқытушы, кинорежиссер – Жәнібек Нұрбекұлы, «Болашақ» корпоративті қорының төрайымы Динара Шайжүнісова, журналист Оғыз Доған және кино саласының қызметкерлері қатысты. Қозғалған басты мәселе қазақ тілді киноларының прайм-тайм уақытына қойылмауы және кинолардың субтирлануы, дубляждалуы барысында көптеген қателіктердің болуы және ол Кинематография туралы Заңы аясында дұрыс орындалмауы жайлы талқыланды.
Руханият орталығының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жүргізген анализі бойынша жыл басынан бері кинотеатрларда көрсетілген 200 фильмнің тек екеуі қазақша берілген деген ақпараттар мен дәлелдер айтылып, мән-жайы талқыланды. Іс-шара жайлы «Хабар», «Евразия» арналарының жаңалықтарына шықты және «Информбюро», «Мәдениет» порталдарына мақала ретінде насихатталды.

«RYHtime» тұлға-танымдық жобасы

«Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «RYHtime» тұлға-танымдық жобасы аясында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Дарынды бала – жарқын болашақ кепілі» мерекелік шарасы өтті.
Елордадағы «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында өткен мерекелік шараға дарынды балалар қатысып, жиналған кішкентай балақайларға және олардың ата-аналарына тамаша көңіл-күй сыйлады.
№2 өнер мектебінің «Назқоңыр» ансамблі жиналған көпшілікті қобызының қоңыр үніне елітсе, бірнеше халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы Динар Қалдыбай әннен шашу шашты.
Әсіресе, Халықаралық «РУХ» фестиваль-конкурсының I дәрежелі лауреаты, «Асыл Мұра» ұлттық өнер байқауының бас жүлдегері, Республикалық дәстүрлі ән байқауының жеңімпазы Медетхан Айдын Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» құйқылжыта орындағанда таңдай қақпаған жан болмады.
«Балапан» телеарнасындағы «Бауырлар додасы» бағдарламасының жүргізушісі Елдос Пармешов мұзбалақ ақын Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыса, джиу-джитсу мен грепплинг шебері, республика бойынша бірнеше рекордтардың иесі және әлемнің 2 дүркін рекордсмені Әмір Махмет көпшілік алдында замандастарына мастер класс өткізді.
Мерекелік шарада ұйымдастырылған ойындарға «Аружан» ойын-сауық орталығына келген бүлдіршіндер де қатысып, сыйлықтарға ие болды. Ал шараға белсене атсалысқан талантты жас өрендер алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.