ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Ербол Тілешов

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КЕАҚ атқарушы директоры Ербол Тілешов Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Дәулеткерей Кәпұлы

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Серік Негимов

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, ф.ғ.д., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Серік Негимов Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Несіпбек Айтұлы

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіпбек Айтұлы Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

ХХІІ ҚАЛАЛЫҚ ТІЛ ФЕСТИВАЛІНІҢ АШЫЛУЫ. Марат Әбсемет

5 қыркүйек – Қазақстан халқы Тілдері күні мерекесі. Дәл осы күні қазақ тіл білімінің атасы, ұлт руханиятының ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы дүниеге келген. Бұл мереке ұлтымыз үшін ұлық мейрам. Атадан балаға мирас болған ана тіліміздің мәртебесі асқақтап, абыройы артатын кезеңде Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ХХІІ қалалық Тіл фестивалін өткізуді жоспарлап отыр. Фестиваль аясында дәстүрлі өнерді ұлықтаумен қатар, заманауи шығаршылық түрлерін қолдану арқылы ана тіліміздің насихатын арттыру.

ХХІІ қалалық тіл фестивалінің ашылу салтанаты онлайн форматта өткізіледі. Осы мерекеге орай, зиялы қауым өкілі, т.ғ.д., профессор Марат Әбсемет Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын ХХІІ қалалық тіл фестивалімен құттықтады.

Тіл білімінің атасы

9 қыркүйек күні «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен ХХІІ қалалық тіл фестивалінің аясында «Ахмет Байтұрсынұлы – тіл білімінің атасы» атты онлайн дәріс сабағы өтті.
Іс-шара барысында Ұлт ұстазы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының тіл біліміне қосқан үлесі, шығармашылығы, өмірбаяны жайлы баяндалды.
Онлайн дәрісті «Руханият» КММ әдіскері Сағым Барлықбайқызы жүргізді.
Іс-шараға «Руханият» КММ тыңдаушылары «Қазақстан темір жол» қызметкерлері, қала тұрғындары, оқытушылар қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Ұлт руханиятының алыбы.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, ХХІІ қалалық тіл фестивалінің аясында «Ұлт руханиятының алыбы» атты онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Шараның мақсаты: Қазақ тіл білімінің атасы, ұлттың рухани ұстазы, алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық өмірін, ағартушылық қызметін кеңінен насихаттау. Ақынның аудармаларын, мақалаларын талдап, сол арқылы жас ұрпаққа өнеге беру.
Дөңгелек үстелдің басын Тілдерді дамыту және архив ісі басқарма басшының орынбасары Сәкен Есіркеп пен «Руханият» КММ басшысы Әніға Бағдат құттықтау сөздерімен ашып берді. Шараның тізгінін ары қарай ф.ғ.к., Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедерасының доцентіҚайырбек Кемеңгер ұстады. Жахандық пандемия кезінде онлайн форматта өткен жиынға ф.ғ.к., алаштанушы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директорыЕрбол Тілешов, ф.ғ.к., алаштанушы, А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің директоры Райхан Имаханбет, – ф.ғ.д., А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессорыАлмасбек Әбсадық, – ф.ғ.д., алаштанушы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедерасының профессорыСағымбай Жұмағұл, , А. Байтұрсынұлы Білім Академиясының өкілі Темірлан Сейітқасымұлы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғаліміГүлшат Капшаева қатысты. Шара соңында оқушылар Ахмет бабымыздың жалынды жырларын оқып, Алматы қаласында орналасқан ақын мұражайының қызметкерлері онлайн экскурсия ұйымдастырды.

Тіл достықтың тірегі

Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілгені анық. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. «Адамға екі нәрсе тіректегі, Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі»,-деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай, кез келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Ана тілі адам баласының бойына ана сүтімен кіріп, бойға тарайды. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі, көркемдігі өрлігінде, орасан зор байлығында. Атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұраны дәріптеу мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» КММ-нің қазақ тілі курсының оқытушысы Естемесова Сәнім Барлықбаевна 2020 жылы 11 қыркүйек күні «Тіл – достықтың тірегі» атты онлайн-сайыс сабақ өткізді. Сабаққа курс тыңдаушылары мен оқытушылары белсеңе қатысты. Сабақ барысында Sokrative, Quizlet , Zoom бағдарламалары қолданылды.

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі. Ғасырлар бойы атадан балаға мирас болған ана тіліміздің айбыны асқақтап, беделі беки түсетін кез. Таңбалы тарихымызда ана тіліміз талай түрленді, түледі. Дегенмен, жыр-дастандар, терме өсиет өлеңдер, айтыс сынды ауызекі өнер түрлері арқылы бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Енді оны келешекке ұрпаққа жеткізу әрбіріміздің парызымыз!

Осыған орай, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы, «Руханият» коммуалдық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен қыркүйек айы «Тіл фестивалі» болып жарияланды. 5 қыркүйек күні елордамызда XXII қалалық тіл фестивалі аясында «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы бастау алды.

Шара барысында акцияның арнайы белгісі бар футболка мен кепка киген еріктілер қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, Қазақстан халқы тілдері мерекесі туралы дайындалған материалдарды (салалық сөздіктер, мерекелік бағдарлама буклеттері) қоғамдық орындарда таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Акция «Бәйтерек» маңындағы бульварда бастау алды. Сонымен қатар, Елорданың 3 нүктесінде (ботаникалық саябақта, Кенесары ескертікіші жанындағы арбатта, СОО Хан Шатыр) тіл фестивальінің бағдарламасы мен құттықтау сөзі жазылған төрт бұрышты фото рамка қойылып, қала тұрғындарын естелік суретке арнайы фотограф түсірді. Акция 7 қыркүйек күні қаламыздағы сауда орталықтары мен темір жол ғимараттарында, әуежай орындарында жалғасын тапты.

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын осы мерекемен құттықтаймыз! Ана тіліміздің айбыны асқақ, тұғыры биік болсын!