«RYHtime» тұлға-танымдық жобасы

«Руханият» орталығының ұйымдастыруымен «RYHtime» тұлға-танымдық жобасы аясында «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесіне орай «Дарынды бала – жарқын болашақ кепілі» мерекелік шарасы өтті.
Елордадағы «Аружан» сауда, ойын-сауық орталығында өткен мерекелік шараға дарынды балалар қатысып, жиналған кішкентай балақайларға және олардың ата-аналарына тамаша көңіл-күй сыйлады.
№2 өнер мектебінің «Назқоңыр» ансамблі жиналған көпшілікті қобызының қоңыр үніне елітсе, бірнеше халықаралық, республикалық ән байқауларының жеңімпазы Динар Қалдыбай әннен шашу шашты.
Әсіресе, Халықаралық «РУХ» фестиваль-конкурсының I дәрежелі лауреаты, «Асыл Мұра» ұлттық өнер байқауының бас жүлдегері, Республикалық дәстүрлі ән байқауының жеңімпазы Медетхан Айдын Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» құйқылжыта орындағанда таңдай қақпаған жан болмады.
«Балапан» телеарнасындағы «Бауырлар додасы» бағдарламасының жүргізушісі Елдос Пармешов мұзбалақ ақын Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыса, джиу-джитсу мен грепплинг шебері, республика бойынша бірнеше рекордтардың иесі және әлемнің 2 дүркін рекордсмені Әмір Махмет көпшілік алдында замандастарына мастер класс өткізді.
Мерекелік шарада ұйымдастырылған ойындарға «Аружан» ойын-сауық орталығына келген бүлдіршіндер де қатысып, сыйлықтарға ие болды. Ал шараға белсене атсалысқан талантты жас өрендер алғыс хатпен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *